Месси ПСЖ сапында бірінші кездесуін қашан өткізетіні анықталды

©Reuters

Жуырда ғана "Пари Сен-Жермен" командасына ауысқан Лионель Месси жаңа команда сапында қашан алаңға шығатыны анықталды. 

L’Equipe басылымының мәліметі бойынша, аргентиналық шабуылшы ПСЖ сапындағы бірінші кездесуін 29 тамыз күні өткізеді. Бұл күні париждік команда Франция чемпионатының төртінші турында сырт алаңда "Реймске" қарсы кездесу өткізеді. 

Кеше Месси Барселонаға жасағанан сапарынан кейін ПСЖ сапында толық жаттығуға кірісті. 

Еске салайық, Месси 10 тамыз күні ПСЖ командасымен екі жылдық келісім жасады. Бұл келісімшарт тағы бір жылға созылуы мүмкін. 

Месси бүкіл карьерасын "Барселона" сапында өткізген еді. Бірақ биыл каталониялық команда қаржылық қиындықтарға байланысты келісімшарт жасай алмай қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: