Месси ПСЖ-ны Франция чемпионы етті

©AFP

"Пари Сен-Жермен" мерзімінен бұрын Франция чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ел чемпионатының 34-турында париждіктер "Ланс" клубымен ойнады. ПСЖ-ға чемпион атану үшін тең ойынның өзі жеткілікті болды. Матчтің 68-минутында аргентиналық Лионель Месси гол салды. Ал 88-минутта Жан Корентен есепті теңестірді - 1:1. 

Осылайша, ПСЖ 78 ұпай жинап, 62 баллмен екінші келе жатқан "Марсель" үшін бірінші орынға шығуға мүмкіндік қалдырмады. 

ПСЖ оныншы рет Франция чемпионы атанып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар