Месси ПСЖ клубымен қандай келісімшарт жасағаны ресми жария етілді

Сурет: instagram.com/psg

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ресми түрде франциялық "Пари Сен-Жермен" (ПСЖ) клубына ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі клубтың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Мессимен келісімшарт 2+1 жүйесінде жасалған. Яғни келісімшарт мерзімі - екі жыл, бірақ оны кейін тағы бір жылға ұзартуға болады. 

Жаңа ойыншы командаға 11 тамыздағы баспасөз мәслихатында таныстырылады. Шара "Парк де Пренс" стадионында өтеді. 

Месси командада талантты ұжым мен бапкерлік штаб жиналғанын айтты. 

"Карьерамдағы жаңа бөлімімді ПСЖ-да бастағаныма қуаныштымын. Алаңға шығар сәтті тағатсыздана күтіп жүрмін", - дейді аргентиналық.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport