Месси ПСЖ-дан кетуінің шын себебін айтты

©ПСЖ

"Интер Майами" сапында өнер көрсетіп жүрген аргентиналық шабуылшы Лионель Месси франциялық "Пари Сен-Жермен" клубынан неге кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшының сөзінше, бұл отбасылық шешім еді. Өйткені Парижде өткен екі жыл бойы футболшы мен оның отбасы өзін бақытты сезіне алмапты. 

"Бұл отбасы үшін пайдалы болсын деген оймен бәріміздің ортақ шешіміміз. Екі жыл қиын өтті, бізде бәрі жақсы болған жоқ. Барселонадағыдай бұрынғы қалпымызға оралғым келді, біз балалармен күнделікті өмірден ләззәт алатынбыз. Бұл жер жайлы мекен болатындай көрінді. Ал бүгінде біз қателеспеппіз деп айта аламын", - деп береді Мессидің сөзін TyC Sports.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport