Месси ПСЖ-дағы болашағына қатысты нақты шешім қабылдады

29 қыркүйек 2022 18:29
©ПСЖ ФК

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси келесі жазда франциялық командадан кетуге ниетті, деп хабарлайды журналист Микель Бласкес Twitter парақшасында. 

Аргентиналық шабуылшысы ПСЖ командасымен келісімшартын ұзартқысы келмейді. Осылайша, Месси келесі жылы жазда ергін агент атанады. 

Лео 2022 жылғы әлем чемпионатынан кейін "Барселонаға" қайту ұсынысын да қарастыратын болады. 

Айта кетейік, биыл 35 жастағы шабуылшы Франция чемпионатында 11 кездесуге қатысып, алты гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport