"Месси Почеттиноға сенімсіздікпен қарайтын болады". Еуропа чемпионы Леоға ерекше көңіл бөлу керек дейді

28 қыркүйек 2021 19:01
©getty images

ПСЖ клубының бұрынғы шабуылшысы Николя Анелька Лионель Мессидің "Лион" командасына қарсы матчтағы жағдайға байланысты пікір білді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл жерде бапкердің шешімі түсініксіз. Ойынның 76-минутында әлі де болса гол соқпаған "алтын бутсаның" алты дүркін иегерін бекер ауыстырды. Керісінше жаттықтырушы шабуылшыға сенім артып, кездесу соңына дейін алаңнан шығармауы керек еді. Енді осыдан кейін Месси Почеттиноға сенімсіздікпен қарайтын болады. Ол клубтың басты жұлдызы. Оның үстіне "Парк де Пренстегі" алғашқы матчы еді. Енді Месси мен бапкердің арасында келіспеушіліктер туу мүмкін. "Метцке" қарсы болған ойында аргентиналық алаңға шықпады. Оның себебін Почеттино Леоның жарақатымен байланыстырды. Алайда шынтуайтына келгенде команданың ішінде не болып жатқаны бізге беймәлім. Сөйте тұра, Месси Чемпиондар Лигасында "Манчестер Ситимен" өтетін кездесудің құрамына еніп отыр", - дейді Еуропа чемпионы.

Еске салайық, Франция біріншілігінің 6 турында ПСЖ мен "Лион" арасындағы матчтың 76-минутында Почеттино аргентиналық шабуылшыны алмастырған еді. Алаңнан шығып бара жатқан Месси болса, бапкердің қолын алмай кетіп қалды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар