Месси өзі гол соққан қақпашылардың бәріне сыра сыйламақ

25 желтоқсан 2020 16:34

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси "Барселона" сапындағы 644-ші голын соғып, әйгілі Пеленің рекордын (бір команда сапында ең көп гол соққан ойыншы ретінде) жаңартқан еді. Енді футболшы өзі гол соққан қақпашылардың бәріне сыра сыйламақ.

Budweiser компаниясы Мессидің құрметіне 644 бөтелке сыра шығарған. Футболшымен серіктес компаниялардың бірі. Енді Мессидің добын тоса алмаған қақпашылар осы сыйға ие болады. Олардың ұзын саны 159 екен.

Сыйға тартылған сыраны алғашқылардың бірі болып Джанлуджи Буффон алған.

"Сыра үшін рақмет. Мен мұны комплимент деп қабылдадым. Бізде біраз жылдар бойы үлкен бәсеке болды. Рекорд орнатуыңмен құттықтаймын, Лионель! 644 гол деген таңғаларлық жетістік" - деп жазды танымал италиялық қақпашы.

Метки: