Месси ойнайтын ПСЖ басшылығы "МЮ" немесе "Ливерпульді" сатып алмақ

©liverpoolfc.ru

ПСЖ клубына иелік ететін Qatar Sports Investments (QSI) компаниясы Англия чемпионатындағы футбол клубын сатып алуды қарастырып отыр, деп хабарлайды "Чемпионат".

Мәлімет бойынша, "Манчестер Юнайтед" пен "Ливерпульдің" бірі қарастырылып отыр. Qatar Sports Investments клубтың бір бөлігін немесе толықтай сатып алуға дайын. 

Қазіргі таңда "Манчестер Юнайтед" Англия премьер лигасының турнирлік кестесінде төртінші, ал "Ливерпуль" алтыншы тұр. 

Qatar Sports Investments ПСЖ-дан бөлек, португалиялық "Браганың" 23 пайызына иелік етеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар