Месси ойнауды армандайтын клубты атады

25 қыркүйек 2023 17:21
©instagram.com/intermiamicf/

"Интер Майами" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси армандайтын клубын атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Клубтық деңгейде мені үнемі "Ньюэллс Олд Бойзға" тартатын. Әсіресе мен әлем чемпионы атанғаннан кейін. Ньюэллс үшін ойнасам, аргентиналық футболдан ләззәт ала алтынымды түсіндім. Баяғы бала кезімде, солардың алаңдарында жүгіріп жүрген кездегідей... Қайтадан сонда ойнау - менің арманым, бірақ ары қарай не болатынын білмеймін", - деп береді Мессидің сөзін Infobae.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport