Месси Неймарға қарсы. Америка кубогінің финалында Аргентина мен Бразилия ойнайды

Сурет: iSport.ua

Футболдан Аргентина құрамасы Колумбия командасын ұтып, Америка кубогінің финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бразилияның "Ұлттық" стадионында өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды.

Есепті бірінші болып аргентиналықтар ашты. Жетінші минутта Лионель Месси берген пасты Лаутаро Мартинес сәтті пайдаланды. 

Екінші таймда колумбиялықтар есепті теңестірді. 61-минутта Луис Диас гол салды.

Ал пенальти сериясында 3-2 есебімен аргентиналықтар басым түсті.

Енді Америка кубогінің финалында Аргентина мен Бразилия құрамалары өзара мықтыны анықтауы тиіс. Бұл ойын 11 шілдеде өтеді.