Футболдан Аргентина құрамасы Колумбия командасын ұтып, Америка кубогінің финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бразилияның "Ұлттық" стадионында өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды.
Есепті бірінші болып аргентиналықтар ашты. Жетінші минутта Лионель Месси берген пасты Лаутаро Мартинес сәтті пайдаланды.
Екінші таймда колумбиялықтар есепті теңестірді. 61-минутта Луис Диас гол салды.
Ал пенальти сериясында 3-2 есебімен аргентиналықтар басым түсті.
Енді Америка кубогінің финалында Аргентина мен Бразилия құрамалары өзара мықтыны анықтауы тиіс. Бұл ойын 11 шілдеде өтеді.