58dOm8ex4AsPdiL2hTvuwDFcXGdWbdllyfHOoL39
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Месси Неймарды "Барселонаға" қайтаруға өзі кірісті

Месси Неймарды "Барселонаға" қайтаруға өзі кірісті
© football.ua
"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси каталондық клубқа бразиялиялық форвард Неймардың қайтарылуына мүдделі.

Marca ақпаратынша, аргентиналық Неймарға қоңырау шалып, мадридтік "Реалдың" ұтымды келісімшартынан бас тартып, "Камп Ноуға" оралуға шақырған.

Бразилиялықтың өзі "Барселонаға" оралғысы келетінін білдіріпті. AS мәліметінше, мұның алдында бразилиялық Мессиге қоңырау шалып, клуб президенті Хосе Мария Бартомеумен сөйлесуін сұраған. Неймардың ойынша, бұл іске Месси араласса, "Барселона" ПСЖ шарттарына келіседі.

Ол Мессиге "Барселона" сапында ойнғасы келетінін айтқан, алайда, каталондық клуб оның трансфері бойынша нақты қадамдар жасамаса, "Реал" ұсынысын қабылдайтынын айтқан екен.

Le Parisien ақпараты бойынша, "Барселона" Неймарды жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньоға айырбастап, үстіне 60-тан 80 миллион еуроға дейін төлеуге дайын екені жайлы ауызша ұсыныс жасаған. Бірақ бұл париждіктердің көңілінен шықпай тұр. Олардың ойынша, сомма тым аз, ал Коутиньоны асыра бағалап жіберген.

ПСЖ басшыларының жоспары Неймарды барынша қымбат сату, ал олай болмаса Парижде қалдырмақ.

Бұл жағдай 15-16 тамыз Ливерпульде өтетін Еуропалық клубтар қауымдастығының жиналысында шешілуі мүмкін. Ол жерде париждік клубтың иесі Нассер Аль-Хелайфи "Барселона" және "Реал" басшыларымен кездесуі мүмкін.

Неймар "Барселона" сапында 2013 пен 2017 жылдар аралығы ойнап, кейін ПСЖ сапына рекордты 222 миллион еуроға өтті.  Өткен маусымда форвард клубтық деңгейдегі барлық турнирдің 28 матчінде 23 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Футболшының ПСЖ-мен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар