Лионель Месси MLS-тегі ең жоғары айлық алатын футболшы мәртебесін сақтап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Интер Майами" сапында өнер көрсететін аргентиналық жұлдыз жылына 28,3 миллион доллар табады. Бұл туралы ESPN хабарлап отыр.
Сегіз дүркін "Алтын доп" иегерінің айлығы өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Бұған дейін оның жылдық еңбекақысы 20,45 миллион доллар болған.
Лигадағы ең жоғары айлық алатын футболшылар тізімінде жылына 10 миллион доллардан астам табыс табатын тағы төрт ойыншы бар.
Екінші орында "Чикаго Файр" клубының шабуылшысы Роберт Левандовски тұр. Оның жылдық еңбекақысы – 19,51 миллион доллар. Үздік бестікті Антуан Гризманн ("Орландо Сити", 13,94 миллион доллар), Сон Хын Мин ("Лос-Анджелес", 11,25 миллион доллар) және Брел Эмболо ("Атланта Юнайтед", 10,81 миллион доллар) түйіндейді.
Айта кетейік, 28,3 миллион доллар – Мессидің тек футболшы ретіндегі табысы. Бұған өзге табыс көздерін қосқанда, оның жылдық кірісі бұрынғы бағалаулар бойынша 70–80 миллион долларға жетеді.
Жарнама