Сауд Арабиясының жанкүйерлері ел Суперкубогінің плей-офф матчінде Криштиану Роналдуды ерекше қарсы алды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Португалиялық ойнайтын "Әл-Наср" клубы қарсыластарына 1:3 есебімен жюұтылды Ал жанкүйерлер трибуналарда Криштианудың аргентиналық бәсекелесі Лионель Мессидің есімін ұрандатып тұрды.
"Эр-Риядтағы халықаралық стадионда Сауд Арабиясы Суперкубогінің финалына шығу үшін "Әл-Иттихадқа" қарсы матчте "Әл-Насрдың" жаңа шабуылшысы жанкүйерлерінен күтпеген реакцияға тап болды. Жанкүйерлер Таяу Шығысқа жақында көшкен Роналдуды өзге футболшы Мессидің есімін ұрандатып қарсы алды" , - деп жазған Goal басылымы.
Әлеуметтік желіде тараған видеода "Әл-Иттихад" жанкүйерлері "Месси, Месси, Месси" деп ұрандатып жатқанын естуге болады.
Португалиялық "Әл-Наср" сапында капитан ретінде екінші толық ойынын өткізді, бірақ ол гол соға алмады.