Месси мен Роналдудан мықты ойыншының есімі айтылды

©"Чемпионат"

Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Маркос Кафу "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Неймар туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Неймар - феномен. Техникалық тұрғыда ол мен кейінгі 20 жылда көрген ең мықты ойыншылардың бірі. Техникалық жағынан ол Месси мен Роналдудан да мықты, кез келгенінен жақсы. 

Неймар - Бразилия құрамасында біз үміт артатын ойыншы. Бразилия командасы Неймармен бірге басқа да, онсыз мүлде басқа. Оның болуы шынымен үлкен әсер етеді", - деп береді Кафудың сөзін Infobae.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport