Месси мен Роналду ондықта да жоқ. Ең қымбат футболшылардың жаңартылған рейтингі

championat.com коллажы
CIES Football Observatory сараптамалық компаниясы өзінің өз сайтында ең қымбат футболшылардың жаңартылған тізімін жариялады. 

Бұл рейтингте бірінші "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе өзгеріссіз қалып отыр - 259,2 миллион еуро. Одан кеін "Манчестер Сити" форварды Рахим Стерлинг (194,7) пен оны ұлттық құрамадағы әріптесі және "Боруссия" вингері Джейдон Санчо (179,1).

Қақпашылар арасында ең қымбат "Манчестер Ситидегі" Эдерсон (86,8), қорғаушылардан -  "Ливерпульдегі" Трент Александер-Арнольд (171,1 млн). Жартылай қорғаушыларда Стерлинг.

"Барселона" форварды Лионель Месси 21-ші орында (100,1 млн еуро), ал "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду - 70-ші орында (62,8).

Әлемдегі ең қымбат он футболшы:

1. Килиан Мбаппе (ПСЖ) – 259,2 миллиона евро;
2. Рахим Стерлинг ("Манчестер Сити") – 194,7;
3. Джейдон Санчо ("Боруссия" Дортмунд) – 179,1;
4. Трент Александер-Арнольд ("Ливерпуль") – 171,1;
5. Маркус Рашфорд ("Манчестер Юнайтед") – 152,3;
6. Мохамед Салах ("Ливерпуль") – 144,9;
7. Садио Мане ("Ливерпуль") – 139,2;
8. Антуан Гризманн ("Барселона") – 134,6;
9. Альфонсо Дэвис ("Бавария") – 133,5;
10. Харри Кейн ("Тоттенхэм") – 118,7.
Жаңалықтар