Месси мен Роналду дауыстарын қай ойыншыларға бергені мәлім болды

©Reuters

Халықаралық Футбол Федерациясының (ФИФА) дауыс беру нәтижесі бойынша Роберт Левандовски 2021 жылдың үздік ойыншысы атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Дауыс беруде әр құраманың көшбасшылары да қатысқан. Олардың арасында екінші орын алған аргентиналық Лионель Месси өз дауысын Неймарға (5 ұпай) берген. Месси екінші дауысын тағы бір командаласы Килиан Мбаппеге (3 ұпай) берген. Ал 1 ұпайды "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаға ұсынған.

Португалия құрамасының капитаны Роналду болса үздік деп Роберт Левандовскиді таныды. Оның нұсқасы бойынша екінші және үшінші орындар "Челси" ойыншылары Н'Голо Канте мен Жоржиньолар лайық болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: