Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнайды

©globallookpress.com

Франциялық ПСЖ қысқы үзіліс кезінде жолдастық кездесулер өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды  "Чемпионат".

Франциялық команданың қарсыласы арабиялық екі клубтың ойыншыларынан құралған команда болмақ - "Әл-Наср" мен "Әл-Хиләлә". Матч қаңтар ортасына жоспарланған. 

Еске салайық, ПСЖ сапында әлем чемпионы Лионель Месси өнер көрсетеді.

Сонымен қоса, португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубына өткен болатын.

Осылайша, әйгілі екі футболшы 2023 жыл басында бетпе-бет келуі ықтимал.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport