Месси мен Роналду да бар. Трансферлік құны түсіп кеткен футболшылар тізімі жарияланды

24 желтоқсан 2019 16:06
© footballtransfer.ru
Футболшылардың трансферлік құны туралы жазатын Transfermarkt порталы 2019 жылы құнсызданып кеткен ойыншылар тізімін жасады.

Рейтинг басында мюнхендік "Бавария" каталондық "Барселонадан" жалға алған жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньо. Бразилиялық футболшының трансфері бір жылда екі есе төмендеген - 70 миллион еуроға. 

Екінші орында "Реал" қорғаушысы Марсело 50 миллион еуроға арзандаған. Үшінші "Барселона" хавбегі Иван Ракитич құны 40 миллион еуроға түсті.

Айта кетейік, тізімге Криштиану Роналду мен Лионель Месси де кірді. Осылайша, португалиялықтың трансферлік құны бір жылда 25 миллион, ал аргентиналықтікі 20 миллионға құлдыраған.