Месси мен Роналду алғашқы табыстарына не алған?

©

Криштиану Роналду мен Лионель Месси арасындағы бәсекелестік 15 жылдан бері жасыл алаңда да, баспасөз беттерінде де жалғасып келеді. Жуырда батыстық басылымдар екі футболшыға қатысты тағы бір қызықты деректі жариялады. 

Португалдық футболшы мансабын Лиссабонның "Спортинг" клубында бастады. Содан бірінші құрамына дейін ілікті. Нәтижесінде 2004 жылы "Манчестер Юнайтед" командасымен келісімшартқа қол қойып, атағы аспандай түсті. 

Месси "Барселонамен" 2000 жылы 14 жасында алғашқы келісімшартқа қол қойды. Каталондық клубтағы рекордтарды жаңартып, блаугрананың аңыз ойыншысына айналды. 

Алғашқы қомақты жалақысын аргентиналық футболшы "Барселонаның" екінші құрамына қосылғанда иеленген. Португалияның Antena басылымы жазғандай, Месси алғашқы жалақысына үй сатып алған. 

Роналдудың алғашқы жалақысы шамамен 80 еуро ғана болған. Ол оны мектепке қажетті құрал-жабдықтарына жаратқан. 

Екі футболшының жолы 2009 жылы Роналду "Реалға" ауысып келгенде түйісті. 2018 жылы португалдық ойыншы "Ювентуске" ауысса, Месси 2021 жылы ПСЖ-мен келісімшартқа қол қойды. 2023 жылдан бастап Роналду Сауд Арабиясындағы "Әл-Наср" командасында доп тебе бастады. Осы маусым соңынан кейін аргентиналық футболшы да араб жеріндегі командалардың бірінде доп теуіп қалуы мүмкін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар