Месси мен Мбаппе емес. Магомед Адиев ӘЧ-ның үздік ойыншысын атады

21 желтоқсан 2022 17:19
©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Катарда өткен әлем чемпионатының үздік ойыншысын атады, деп хабарлайды "РБ Спорт".

Әлем чемпионаты 18 желтоқсанда мәресіне жетті. Финалда Аргентина пенальти сериясында Францияны ұтты.

"Қатардағы мундиальдің үздік ойыншысы кім дейсіз бе? Менің ойымша Де Пауль. Ол Аргентинаның чемпион атануына үлкен үлесін қосты. Көзге көрінбей көп жұмыс атқарды. Де Пауль өзінің ойынымен Мессиге қолқанат болды", - деді Адиев.

Еске салайық, оңтүстік америкалықтар өз тарихында үшінші рет әлем кубогін иеленді. Соңғы рет Аргентина командасы 1986 жылы Мексикадағы футбол тойында топ жарды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport