Месси Мексиканың жейдесіне қатысты мәлімдеме жасады

2 желтоқсан 2022 08:44
©global look press

Аргентина құрамасының капитаны және шабуылшысы Лионель Месси жеңісті тойлау кезінде Мексиканың туы бар футболканың жерде жатқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.ru

Ердің ісі. "Канело" Мессиге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

"Бұл түсінбестік. Мені танитындардың бәрі ешкімге құрметсіздік көрсетпейтінімді біледі. Матчтен кейін ондай жағдайлар болып жатады. Мен кешірім сұрайтындай ештеңе болған жоқ, өйткені мексикалықтарға немесе олардың құрамасының футболкасына құрметсіздік көрсеткен емеспін", - дейді Месси. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport