Месси матч алдында Роналдумен түскен видеоны жариялады

©twitter.com/Cristiano

ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси "Әл-Наср" форварды Криштиану Роналдумен бірге түскен видеоны жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аргентиналық ойыншы Instagram желісіндегі стористе Сауд Арбиясының "Әл-Нсар" және "Әл-Хиләл" жұлдыздарының ПСЖ командасына қарсы матч алдында түсірілген видеоны жариялады. Онда Месси мен португалиялық ойыншы бір-біріне жылы шырай танытып, құшақтаса амандасты. 

Ал Роналду өз кезегінде әлеуметтік желіде былай деп жазыпты: "Алаңға оралып, гол салғаныма қуаныштымын. Ескі достарымды көру де көңілге медеу болды". 

 

Эр-Риядта өткен матч 5:4 есебімен франциялық клубтың пайдасына аяқталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport