Месси мансабындағы естен кетпес голын атады

©instagram.com/leomessi/

Аргентина ұлттық құрамасы мен "Интер Майами" клубының шабуылшысы Лионель Месси мансабында естен кетпес голы жайлы айтты. 

Мен Чемпиондар лигасы мен әлем чемпионатының финалында соққан голдарымды ылғи маңызды деп айтамын. Чемпиондар лигасы ойынында "Сантьяго Бернабеу" стадионында "Реалды" 2:0 есебімен ұтқанда соққан голым есімнен кетпейді, - дейді футболшы. 

Бұл ойын 2011 жылы өткен. Бірінші ойында "Барселона" 2:0 есебімен жеңіске жетсе, қарымта кездесу 1:1 есебімен аяқталған болатын. 

Айта кетейік, Лионель Месси жуырда ғана мансабындағы 8-ші "Алтын добын" жеңіп алды. Мұндай жетістік шыңын бағындырған әлі бірде-бір футболшы жоқ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: