Каталондық "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси англиялық "Манчестер Ситимен" жеке келісімінің шарттарын мақұлдады, - деп хабарлайды Daily Record.
Мәлімет бойынша, екі тарап 700 миллион еуроға бес жылдық келісімді мақұлдады. Мессиге төлем ретінде "Манччестер Ситиге" қарасты City Football Group компаниясынан үлес ұсынылды.
Дегенмен, бұл компанияны бағалау бойынша қиындықтар бар, сондықтан аргентиналық қолма-қол ақшаны таңдауы да мүмкін.
Месси "Барселонадан" кетіп, маусымға дайындықты каталондық команда сапында өткізгісі келмейді. Ал клубтағылар аргентиналық футболшы райынан қайтып, командаға қайта қосылады деген үмітте.