Месси Криштиану Роналдудың орнын басу мүмкін бе деген сұраққа жауабын айтты

18 желтоқсан 2019 09:46
© newinform.com
"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Marca басылымына берген сұхбатында "Реал" жартылай қорғаушысы Эден Азар мен "Ювентус" форварды Криштиану Роналдуды салыстыруды сұраған сұраққа ауап берді.

Ла Лиганың осы маусымдағы сегіз матчінде Азар бір гол салып, үш ассист жасады."Реалға" бельгиялық ойыншы жазда "Челси" сапынан ауысқан.

- Қалай ойлайсыз, Азар Роналду орнын басып, "Реал" жұлдызы бола ала ма?
- Азар шебер ойыншы. Ол қорғанысты бір қалыптан шығара алатын өзгешелеу футболшы, Криштианудан айырмашылығы бар деген ойдамын. Оның шеберлігі басқада. Ал Роналдуды алмастыру өте қиын, дегенмен, Азар да тамаша ойыншы", - дейді Месси. 
Жаңалықтар