Футбол
28 қазан 13:11
 

Месси келер жылғы әлем чемпионаты жайлы ойын айтты

  Пікірлер

blog.share

Месси келер жылғы әлем чемпионаты жайлы ойын айтты ©instagram.com/leomessi/

«Интер Майами» клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылы өтетін әлем чемпионатында ойнағысы келеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

«Интер Майами» клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылы өтетін әлем чемпионатында ойнағысы келеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.

Айта кетейік, Месси – қазіргі әлем чемпионы. Ол 2022 жылы Қатарда өткен додада Аргентина құрамасымен бірге жеңіске жетіп, финалда Францияны тізе бүктірген болатын.

«Мен жақсы бабымда болып, құраманың маңызды бөлігі болғым келеді. Бұл — әлем чемпионаты, сондықтан қатты толқып отырмын. Біз өткен турнирде жеңіске жеттік, енді сол атақты қорғау керемет болар еді», — деді Месси Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Бұл турнир тарихта алғаш рет бірден үш елде ұйымдастырылмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!