"Месси қайда?". Қарсылас команда сәтсіз ойыннан кейін "Барселонаны" мазақ етті

24 қыркүйек 2021 10:08
©washingtonpost.com

Испаниялық "Кадис" клубының жанкүйерлері тең ойыннан кейін "Барселонаны" мазақ етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Каталондық команда сырт алаңда гол сала алмады. Испания чемпионатының алтыншы турында командалар 0:0 есебімен тарқасты. 

Матчтен кейін "Кадис" жанкүйерлері "Лео Месси қайда жүр?" деп әндетті. 

Еске салайық, "Барселона" Мессимен келісімшартты ұзартпағандықтан, ол ПСЖ командасына кетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport