Месси Катарда Марадонадан асып түсті

1 желтоқсан 2022 09:36
©FIFA

Лионель Месси футболдан әлем чемпионатында 22-матчін өткізді. Бұл Аргентина рекорды екен, деп хабарлайды Opta Sports.

Осылайша, Месси әлем чемпионатында 21 ойын өткізген Диего Марадонадан асып түсіп отыр. 

Аргентина құрамасы топтық кезеңнің үшінші турында Польшаны ұтып (2:0), Катрадағы ӘЧ плей-оффына топтан бірінші орынмен өтіп отыр. 

3 желтоқсандағы 1/8 финалда Аргентина командасы Аустралиямен, ал келесі күні Польша құрамасы Франциямен ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport