Футбол
9 тамыз 2021 10:25

Месси каталондық клубта қалғысы келетінін мәлімдеді

Сурет: scorers.org

Каталондық "Барселона" клубы Лионель Мессидің "ПСЖ"-ға ауысуына кедергі болуға тырысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Eurosport және Marca басылымдарына сілтеме жасап.

Апелляциялық сотқа жолданған арызда француз клубы қаржылық фейр-плей тұрғысынан аргентиналық ойыншыны өз қатарына қоса алмайтыны айтылған. Құжатты Marca басылымы қолға түсірген.

Қаржылай деректер көрсетілген шағымда 2019/20 маусымда париждік клубтың 99 пайыз табысы жалақыға жұмсалып отырған, ал "Барселона" табысының 54 пайызы ғана жұмсалыпты. Бұл мәліметке байланысты каталондық клуб "ПСЖ" қаржылық фейр-плейге қатынасы нашар екенін, сондықтан Мессиді сапына қоса алмайтынын мәлімдеген.

Ал Лионель Месси Instagram-да "Барселонамен" қош айтысуға қарсы екенін мәлімдеді. 

"Қуана-қуана қалар едім, қолдан келгенін жасадым, бірақ ақыры болмады. Кетемін, бірақ қош айтыспаймын. Кездескенше! Жасасын "Барса"!" - деп жазды футболшы.

Еске салайық, алдыңғы аптадан бері Лионель Месси "Барселонадан" кетіп, "ПСЖ"-ға ауысатыны айтылып жүр. Тіпті жаңа клубтағы жалақысы да аталған еді.

Айта кетейік, Лионель Месси "Барселонада" 2000 жылдан бері ойнап келеді келеді және 2003 жылдан бері негізгі құрамда өнер көрсеткен. Ол Испания чемпионатында 10 жеңіс, Испания Кубогі мен Суперкубогінде 7 реттен, Чемпиондар Лигасында 3 рет, Еуропа Суперкубогінде және клубтық ӘЧ-де 3 рет чемпион атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport