Месси карьерасындағы үздік гол мен ең мықты бапкерді атады

© Football.ua
Каталондық "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси карьерасындағы ең үздік голды таңдады.

Форвардтың сөзінше, ең әдемі голды ол 2009 жылғы Римде өткен Чемпиондар лигасының финалында салған. Шешуші матчте каталондықтар англиялық "Манчестер Юнайтедті" 2:0 есебімен ұтқан еді.

Сонымен бірге, аргентиналық футболшы өзі үшін ең мықты бапкер Хосеп Гвардиола болғанын айтады. Испаниялық маман "Барсаны" 2008 бен 2012 жылдар аралығы жаттықытраған еді. 



32 жастағы Месси "Барселоны" футбол клубының тәлімгері және карьерасында осы команда үшін ғана ойнап келеді. Форвардтің клубпен қазіргі келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін. Marca ақпаратынша, Месси жылына 43 миллион еуро алады.