Месси карьерасындағы ең жылдам голды салды

©"Чемпионат"

Аргентиналық форвард Лионель Месси карьерасындағы ең жылдам голды салды, деп хабарлайды "Чемпионат".

Бұл гол Аустралияға қарсы матчтің 1 минут 19-секундында соғылды. 

Мұның алдындағы ең жылдам голын Месси Чемпиондар лигасының 2017/18 маусымында "Челси" қақпасына 2 минут 7 секундта салған еді.

Енді Мессиге ойынның бірінші минутында гол салу ғана қалып отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport