Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Панама командасына қарсы жолдастық кездесуде (2:0) гол салды, деп хабарлайды Vesti.kz.
35 жастағы футболшы үшін бұл кәсіпқой карьерасындағы 800-голы. Клубтық мансабында Лео 701 рет, ал құрама деңгейінде – 99 гол салыпты.
Месси Аргентина құрамасына 2005 жылдан бері шақыртылып келеді және команданың ең мықты бомбардирі. Биыл Аргентина Катарда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанғанын айта кетейік.