Месси жаттығу кезінде Пикемен шекісіп қалды

© zimbio.com
"Барселона" капитаны Лионель Месси вкоманданың қорғаушысы Жерар Пикемен жанжалдасып қалды, - деп хабарлайды AS.

Оқиға "Барселонаның" таңғы жаттығуы кезінде боғлан. Футболшылардың бірі екіншісін жаттығу кезінде тым еркінсіп жүретінін айтқан, осыдан кейін екеуі бір-біріне дауыс көтерген. 

Кейін футболшылардың ашуы қайтып, жағдай қалпына келген. Жаңа бас бапкер Энрике Сетьен келгелі командадағы ішкі жағдай шиеленісіп бара жатқандай деген ақпарат бар. 

Әдетте Месси мен Пике алаңға шықпас бұрын команданы ардайым рухтандыратын. Кейінгі екі матчте ондай болған емес.