Месси және Роналдумен де ойнаған футболшы кім мықты деген сұраққа жауап берді

©goal.com

"Барслеона" мен "Ювентустің" бұрынғы жартылай қорғаушысы Миралем Пьянич аңызға айналған Криштиану Роналду мен Лионель Месси арасында кім мықты деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Криш туралы естеліктерім көп, ұлы футболшы. Мен бірге ойнап көрген ойыншылар арасындағы ең мықтысы, тарихтағы ең мықты футболшылардың бірі. Футбол тарихындағы ең үздік 2-3 ойыншының қатарына кіреді. 

Кім мықты екенін айту қиын, екеуімен де ойнау бақыты бұйырды. Кришпен көңілдірек болатын, бірақ екеуі де тарихтағы ең ұлы ойыншылар, екеуі де балалар үшін тамаша үлгі", - деп береді Пьяничтің сөзін Sport Mediaset.

Сондай-ақ, Пьянич карьерасында италиялық "Рома", түркиялық "Бешикташ" және франциялық "Лион" мен "Метц" командаларында ойнаған. Қазіргі таңда ол Араб Әмірліктерінің "Әл-Шарджа" клубында өнер көрсетуде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport