Париждік "Пари Сен Жермен" командасының шабуылшысы Лионель Месси лемпиондар лигасының екінші турындағы ойында израильдік "Маккаби Хайфаның" қақпасын дәл көздеп, кезекті рекордын жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Месси Чемпиондар лигасында 39 түрлі командаға гол соққан алғашқы футболшы атанды. Осы ойынға дейін Лионель Месси мен шабуылшы Криштиану Роналдудың әрқайсысы 38 түрлі команданың қақпасынан саңылау тапқан еді.
Сонымен қатар, аргентиналық шабуылшы Чемпиондар лигасында 18 маусым бойы гол соғып, "Реал Мадрид" шабуылшысы Карим Бенземаның рекордын жаңартты (17 маусым бойы).
Ал "Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында 16 маусым қатарынан гол соққан екен.