Месси жаңа командаластарының бәріне сый жасады

©sportstiger.com

Аргентиналық футболшы Лионель Месси "Интер Майамидегі" бүкіл командаластарына сыйлық табыстады, деп жазады Goal интернет басылымы. 

Шабуылшы командадағы әр ойыншыға Beats by Dre құлаққабын сыйға тартқан. Бұл жайында команданың қорғаушысы Деандре Йедлин сұхбатында айтты. Сыйлықтың түсі "Интер Майами" жейдесіне сәйкестендіріліп жасалған. 

36 жастағы аргентиналық ойыншы америкалық клуб сапында екі ойын өткізіп үлгерді. Лига кубогы жолында "Крус Асульға" қарсы ойында жеңіс голын соқса, "Атланта Юнайтедпен" өткен кездесуде дубль жасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport