Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалы алдында Испаниямен болатын шешуші матчқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аргентина жартылай финалда Англияны 2:1 есебімен ұтып, финалға шықса, ал Испания Францияны 2:0 есебімен ұтып, шешуші кездесуге жолдама алған болатын.
Месси алдағы қарсыласын жоғары бағалайтынын айтып, Испания құрамасының ойын мәнеріне ерекше тоқталды.
"Испания – тамаша ойыншылары бар өте мықты команда. Олардың ойын стилі де керемет. Бұл құраманы өте жақсы білемін. Испанияның ойын философиясы көптеген жылдан бері қалыптасқан.
Испания құрамасының көптеген футболшыларын жақсы танимын. Оларға қарсы талай рет ойнадым және қазір де олардың өнерін жіті бақылап жүремін. Кейбірі мен ерекше жақсы көретін әрі әрдайым қолдайтын "Барселона" клубында ойнайды.
Бұл ерекше матч болады. Бізді өте тартысты ойын күтіп тұр деп ойлаймын", – деді Месси TyC Sports басылымына.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы 20 шілдеге қараған түні Нью-Йоркте өтеді. Шешуші кездесуде қазіргі әлем чемпионы Аргентина 2022 жылғы мундиальда жеңіп алған чемпиондық атағын қорғауға тырысады.
Жарнама