Месси "Интер Майамидің" бірнеше матчіне қатыса алмайды

© INTERMIAMICF.COM

Лионель Месси "Интер Майамидің" алдағы бірнеше ойынына қатыса алмайды. 36 жастағы футболшы Аргентина құрамасына шақырту алды. 

Аргентина 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында қыркүйек айында Эквадор және Боливияға қарсы ойнайды. Ал Америкада MLS маусымы өтіп жатыр. 

"Лео кемі үш ойынға қатыспайды. Оны ұлттық құрамаға шақырды. Біз арагідік онсыз да жеңісті жолымызды жалғастыра білуіміз керек", - деді "Интер Майамидің" бас бапкері Херардо Мартинес. 

Атап айтқанда Месси америкалық клубтың "Лос-Анджелес", "Канзас Сити" және "Атланта Юнайтед" командаларына қарсы ойынына қатыспайды. 

Айта кетейік, Месси "Интер Майами" сапына осы жазда ауысып барды. Қазірге дейін 9 ойында 11 гол салып, үш ассист жасады.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport