Месси "Интер Майамидің" 2023 жылғы ең мықты ойыншысы атағын иеленді

©instagram.com/leomessi

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси "Интер Майамидің" 2023 жылғы ең мықты ойыншысы деп мойындалды, деп хабарлайды америкалық клубтың баспасөз қызметі. 

36 жастағы футболшы МЛС-ке биыл жазда еркін агент ретінде ауысқан болатын. Оның қазіргі келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген. 

"Интер Майами" сапында Месси 14 матчке қатысып, 11 гол салды және бес нәтижелі пас берді. 

Месси "Интер Майамиге" өз тарихындағы алғашқы жүлде - Лигалар кубогін жеңіп алуға көмектесті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport