Месси хет-трик жасады. Аргентина қарсыласын 7:0 етіп талқандады

©Аргентина құрамасының баспасөз қызметі

Бүгін, 29 наурызда өткен матчте Аргентина құрамасы Кюрасао футболшыларын 7:0 есебімен ұтты. Жолдастық кездесу Сантьяго-дель-Эстеро қаласында өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші таймда-ақ алғашқы бес гол салынды, ал үзілістен кейін алаң қожайындары қарсыластарын күйретуін жалғастырды. 

Бұл матчте Лионель Месси хет-трик (20, 33 және 37-минут) жасады, Николас Гонсалес (23), Энцо Фернандес (35), Анхель Ди Мария (78, пенальти) және Гонсало Монтьель (87) гол салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport