Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатындағы Аустрияға қарсы топтық кезеңінің екінші тур матчінде бірден төрт рекорд орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz Гиннестің рекордтар кітабының өкіліне сілтеме жасап.
39 жастағы шабуылшы кездесуде дубль авторы атанып, әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген мәртебесіне көтерілді.
Дереккөз мәліметінше, Месси бұл көрсеткіш бойынша Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клозені артта қалдырды. Сондай-ақ ол қазіргі турнирде жарқырап жүрген Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппеден екі голға озып тұр.
All the records broken by Lionel Messi today:
— Guinness World Records (@GWR) June 22, 2026
Most FIFA World Cup finals goals by a football (soccer) player - 18
Most FIFA World Cup matches played in by an individual - 28
Most matches won by a player at the football (soccer) FIFA World Cup - 18
Most minutes played in the…
Еске салайық, J тобының екінші турындағы матчта Аргентина құрамасы Аустрияны 2:0 есебімен жеңді. Кездесуде Лионель Месси екі гол соғып, әлем чемпионаттары тарихындағы үздік бомбардир атанды.
Бұған дейін турнирдің алғашқы матчында аргентиналық жұлдыз Алжир қақпасына хет-трик жасап, командасын 3:0 есебімен жеңіске жеткізген еді.
Осылайша, екі турдың қорытындысы бойынша Мессидің еншісінде бес гол бар және ол биылғы әлем чемпионатының басты жұлдыздарының біріне айналып отыр.
Жарнама