Месси футбол тарихына атын жазды. Дегенмен Роналду жоғары

©globallookpress.com

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Кюрасаомен матчта (7:0) хет-трик жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, Месси құрама үшін кемі 100 гол салған тарихтағы үшінші футболшы болып отыр. Қазір Леоның есебінде 102 гол. 

Бүл көрсеткіш бойынша рекордсмен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду - 122 гол, одан кейін Али Даеи (Иран, 109).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар