Месси Францияға қарсы матчке шықпауы мүмкін

16 желтоқсан 2022 10:53
©FIFA

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионатының финалы алдындағы жаттығуға қатыспады, деп жазады Sport-express.ru.

Футболшы кішігірім жарақатына байланысты команданың негізгі жаттығуына қатыспады. Ол Хорватиямен өткен жартылай финалда аяғын ауыртып алған. Бапкерлік штабтың пікірінше, ол финалдық матчқа толыққанды дайын болуы тиіс.

35 жастағы Месси биылғы турнирде алаңға алты рет шығып, бес гол салды.

Еске салайық, Қатардағы мундиальдың финалында Аргентина мен Франция құрамалары кездеседі. Ойын 18 желтоқсанда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport