Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында оңтүстікамерикалық аймақта алғаш рет ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Былтыр әлем чемпионы атағын жеңіп алған аргентиналықтар өз алаңында Уругваймен ойнады. Алаң қонақтары 41-минутта Рональд Араухоның күшімен есеп ашты, ал 87-минутта Дарвин Нуньес есепке нүкте қойды. Осылайша, Аргентина 0:2 есебімен ұтылып қалды.
Айта кетейік, аргентиналықтардың көшбасшысы Лионель Месси бұл матчте толық уақыт ойнады.
Бес тур қорытындысы бойынша 12 ұпай жинаған Аргентина КОНМЕНБОЛ аумағында әлі де бірінші. Ал он балл жинаған Уругвай екінші орында.