Месси ең қымбат ойыншылар рейтингінде Роналдудан асып түсті

©Sports.ru

Өз чемпионатындағы ең қымбат ойыншылар рейтингінде "Интер Майами" клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси "Әл-Насрда" өнер көрсетіп жүрген португалиялық Криштиану Роналдудан асып түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt мәліметінше, 35 миллионға бағаланған Месси МЛС-тегі ең қымбат ойыншылар тізімінде көш бастады.

Роналду тек 15 миллионға бағаланып отыр, сондықтан ол осы көрсеткіш бойынша Сауд Арабиясы чемпионатында тек 22-орында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport