Месси емес. "Интер Майами" футболшысы командадағы ғаламат ойыншыны атады

©USA TODAY Sports

"Интер Майами" шабуылшысы Хосеф Мартинес командаға қосылған жұлдыз ойыншылар - Серхио Бускетс пен Лионель Месси туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біздің командада тамаша ойыншы пайда болды - Серхио Бускетс - ол ғаламат. Менің ойымша, ол бір дарын иесі. Мен Бускетсті Месиден артық көремін. 

Неге? Өйткені ол шынымен ғаламат. Өте ақылды футболшы", - дейді Мартинес журналист Франко Паницо твиттерде жариялаған видеода. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport