Футбол
5 қыркүйек 13:55

Месси дубль жасап Аргентинаға мерзімінен бұрын ӘЧ-ге жолдама алып берді

©instagram.com/afaseleccion

Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Венесуэла командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оңтүстік Америкадағы КОНМЕБОЛ аймағындағы іріктеу кезеңінің 17-тур матчі Буэнос-Айрес қаласында өтті.

Ойынның басты жұлдызы тағы да қазіргі әлем чемпиондарының капитаны Лионель Месси болды. Ол 39-минутта және 76-минутта екі гол соғып, дубль авторы атанды.

Ойынның соңғы нүктесін Лаутаро Мартинес қойды, 80-минутта үшінші голды соқты.

Осы жеңіс арқасында Аргентина құрамасы оңтүстік америкалық іріктеу тобында бірінші орынды алдын ала қамтамасыз етіп, 2026 жылғы әлем чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алды. Венесуэла құрамасы қазіргі уақытта жетінші орында және плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалуда.

Еске салайық, алдағы әлем чемпионаты 2026 жылдың жазында өтеді және оған алғаш рет 48 құрама команда қатысады.

Сондай-ақ, турнир тарихта алғаш рет бірден үш елдің аумағында өтеді: АҚШ, Мексика және Канада.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport