Месси де, Роналду да емес. Әлемдегі ең мықты футболшының есімі аталды

©"Реал" ФК

Англия құрамасының бұрынғы футболшысы Джолеон Лескотт Daily Mail басылымына берген сұхбатында әлемдегі ең мықты футболшыны атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Беллингем - әлемдегі ең жарқын таланттардың бірі, егер ең мықтысы болмаса. Қазіргі таңда ол әлемдегі ең мықты футболшы. Джуд "Реал" ойынына үлкен ықпал етуде. Міне осы жігітке ұқсауға тырысып, тамсануға болады", - дейді Джолеон.

Беллингем "Реал" сапына жазда дортмундтық "Боруссиядан" 103 миллион еуроға ауысқан болатын. Биылғы маусымда 20 жастағы англиялық ойыншы мадридтіктер үшін он матчке қатысып, он гол салды және үш ассист жасады. 

Англияда ол "Вулверхэмптон Уондерерс", "Эвертон", "Манчестер Сити", "Вест Бромвич Альбион", "Астон Вилла", "Сандерленд" және грекиялық АЕК командаларында ойнады. Сонымен қоса, елінің ұлттық құрамасына да үнемі шақыртылады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport