Мюнхендік "Бавария" мен Колумбия құрамасының вингері Луис Диас клубтағы әріптесі әрі Англия құрамасының капитаны Харри Кейнді 2026 жылғы "Алтын допты" иеленуге басты үміткер деп атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Кейн - сөзсіз әлемдегі ең үздік футболшы. Ол мұны өткен маусым бойы дәлелдеді және қазір де жоғары деңгейін көрсетіп жүр. Ол шынымен кез келген нәрсені істей алады, мұныбұрын да айтатынмын. Мен оған қатты тәнтімін, өйткені ол қателік жібермейді. Ол командаластарын ойнауға ынталандырады, жүгіріп, қорғанысқа көмектеседі, гол соғады, тіпті алыстан да дәл соққы жасай алады. Оның психологиялық дайындығы өте жоғары. Сондықтан мен үшін ол "Алтын допты" алуға басты үміткерлердің бірі. Оның жүлдені жеңіп алғанын және бәріміз онымен бірге қуанғанымызды қалаймын", - деп береді Диастың сөзін Goal.
Өткен маусымда Кейн "Бавария" сапында барлық турнирде 51 матч өткізіп, 61 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Мюнхендік клубпен бірге ол Германия чемпионаты мен Германия кубогін жеңіп алды.
2026 жылғы әлем чемпионатында Кейн Англия құрамасын капитан ретінде бастап шығып, командасына қола жүлде алуға көмектесті. 33 жастағы шабуылшы мундиальда жеті матч өткізіп, алты гол соқты.
2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесін табыстау рәсімі 26 қазанда Кейннің туған қаласы - Лондонда (Англия) өтеді.